Оңтүстік Кореяда ереуілден 1,2 млрд доллар шығын келді

Оңтүстіккореялық жүк тасымалдаушылар жұмысына оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің көлік министрлігі мен жұмысшылар одағы алдын ала келісімге келді. 8 күн бұрын басталған наразылық акциясынан ел экономикасына 1 миллиард 200 мың доллар шығын келген. Көп портқа болат, цемент, мұнай химиясы сынды тауарлар жеткізілмей, кейбір зауыттар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді.

Айта кетейік, жүргізушілердің наразылық танытуына жанармайдың қымбаттауы түрткі болды. Осыған байланысты олар биліктен жалақыны көтеруді талап еткен.