loader


Д.Байден: Украина бидайын нарыққа алып шығамыз

«Украина бидайы үшін уақытша қойма жасақталады». Ақ үй басшысы Джо Байден Американың еңбек федерациясының отырысында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қоймалар украин елінің батыс шекарасына және Польшада құрылмақ. Осылайша астықты азық-түлік дағдарысына тап болған елдерге жеткізуге жол ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, Украинаның теңіз айлақтары Ресей әскерінің қоршауында қалып, 25 миллион тонна бидай бұғатталып қалды. Украина Президенті кеңсесінің басшысы егіс алқабының атқылау салдарынан жойылып жатқанын айтады.

Джо Байден, АҚШ президенті:

Менің жоспарым қарапайым. Біз Украинада қоршауда қалған 20 миллион тонна астықты нарыққа шығару үшін еуропалық әріптестермен тығыз жұмыс істеп, бидайды теміржол арқылы басқа елдерге жеткізу бойынша жоспар құрып жатырмыз. Сосын көлікке тиеп, мұхитқа жеткіземіз, әрі қарай әлемге таратамыз.

Сондай-ақ...