АҚШ-та табиғат апаты жиіледі

АҚШ-тың бірнеше штатында жауын-шашын мен қатты жел ел тұрығындарын әуре сарсаңға салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Монтана штатында басталған тасқыннан ондаған баспана мен бірнеше көпір қирап қалған. Апаттан кей өңірлер жарықсыз қалды. Қауіпті аймақтардан тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Йеллоу-стоун ұлттық саябағы әлі де жабық. Мамандар саябақтағы туристерді тікұшақпен шығарып жатыр. 

Чикагоның қазіргі жағдайы мәз емес. Аймақта ойран салған дауылдан инфрақұрылымға зақым келді. Екпінді жел әуеайлағында тұрған бірнеше шағын ұшақты аударып тастаған. Табиғат апатынан бір адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Жергілікті билік тұрғындарды сыртқа шықпауға шақырды.