Грузияда бүгіннен бастап шетелдіктердің елге кіруі үшін енгізілген шектеу алынды

Грузияда бүгіннен бастап шетелдіктердің елге кіруі үшін енгізілген шектеу алынды

Жаңа ережеге сай енді саяхатшылардан  ПТР-тест пен вакцина сертификаты талап етілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен бірге міндетті түрде өзін-өзі оқшаулау тәртібі де жойылды. Айта кетейік, Грузия билігі наурыздың соңында ковидті жеңгенін жариялаған болатын. Жалпы бұл елде індет таралғалы 1 миллион 600 мыңнан аса адам вирусты жұқтырған.