Чилиде психолог екі мұхиттың арасын жүзіп өтті

Чилилік жүзгіш Тынық және Атлант мұхитытың арасын жүзіп өтіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

36 жастағы Барбара Хернандестің негізгі мамандығы психолог екен. 5 мың 500 метрді жүзу барысында спортшыны елдің әскери-теңіз қарулы күштері қадағалап отырған. Оған көмек алуға, тоқтап демалуға және тіпті суда жүзуге арналған неопрен киімін киюге де рұқсат етілген жоқ. 

Барбара Хернандес, жүзгіш:

- Ең негізгі кедергі - су өте суық болды. Сондай-ақ мен жүзіп өткен қашықтықты бұған дейін ешкім еңсермеген. Сондықтан бұл үлкен тәуекелді қажет етті. Жүзгіш болу менің бала күнгі арманым еді. Ең басты қолдаушым отбасым. Негізі бел шешіп кіріссең, іске аспайтын арман жоқ.