Әлемдегі халықтың 10% әріп танымайды

Жер бетінде 770 млн жуық адам әріп танымайды. Бұл әлем халқының 10 проценті.

Олардың үштен екісі нәзік жандылар болса, 126 миллионы жастар. ЮНЕСКО-ның ұсынған мәліметі осындай. Сауаттылығы ақсап тұрған өңірлердің тізімінде Африка елдері басым. Әсіресе Сомалидегі жағдай өте қиын. Онда ел тұрғындарының 5 проценті ғана жазып, оқи алады. Ауғанстандағы жағдай да көңіл көншітпей тұр. ЮНЕСКО басшысы ересектер арасында білім алуды жетілдіру үшін барынша тиісті шараларды қолға алу керек деп дабыл қағады.