Қытайда алғаш рет шөл далада темір жол салынды

Ұзындығы 825 шақырымға созылған жол өзге ауқымды жобаның бір бөлігі. Ол Такла-Макан шөлінің шеті арқылы өтеді. Шыңжаң-ұйғыр автономды ауданындағы Хотань қаласы мен Жоцян уезін жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс өңір табиғатының күрделілігіне байланысты 3 жарым жылға созылған. Рельсті құмды дауылдан қорғау үшін жолдың кей бөлігі көпір сияқты салынды. Осымен қатар 300 шақырымдай жерге 13 млн-нан аса тал отырғызылды. Билік темір жол аймақтағы сауда-саттықтың да жандануына ықпал етеді деп отыр.