АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде атыс болып, 2 адам өлді

Тағы бір тұрғын жараланды. Оқиға Бирмингем қаласының шетіндегі шіркеуде болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицияның хабарлауынша, қарулы адам ғимаратқа кіріп, мінәжат етіп отырған тұрғындарды атқылаған. Оқиға орынына жедел жеткен тәртіп сақшылары қаскөйді ұстады. Қазір оның мұндай әрекетке неге барғаны анықталып жатыр.