476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытай ғалымдары Айдағы судың қайнар көзін тапты

  • 217
  • UPD: 14:30, 17.06.2022
Қытай ғалымдары Айдағы судың қайнар көзін тапты

Қытай ғалымдары Айдағы судың қайнар көзін тапты. Зерттеушілер оны «Чанъе-5» ғарыш аппаратының Айдан жеткізген топырақ үлгісі мен аспан денесінде жүргізілген зерттеулер арқылы анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар алдымен Қытай зонды қонған кратерде судың белгілерін кездестірген. Содан кейін жерге жеткізілген топырақтан құрамында суы бар гидроксоапатит деп аталатын минералды тапқан.

Еске сала кетейік,  Қытайдың Айды зерттеуге аттандырған «Чанъе-5» ғарыш аппараты Жерге 2020 жылдың желтоқсан айында оралған болатын.

Хабар 24 телеарнасы