Бразилияда кофе өндірісі қысқарды

Бұған елдің әр түкпіріндегі қуаңшылық пен үскірік басты себеп.

Оның үстіне Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларустан тыңайтқыш келмей жатыр. Бразилия билігінің мәліметі бойынша арабика сортының экспорты былтырғы жылмен салыстырғанда 15 процентке төмендеген. Бұдан басқа жанармай мен кофе дәндері де қымбаттап жатыр. Елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі нағыз қиындық екінші жартыжылдықта басталуы мүмкін деп қауіптенеді.

Терра Убион, кофе плантациясының менеджері:

- Нарықта химиялық тыңайтқыштардың болмауы бізді қатты алаңдатып отыр. Алдын ала жинаған қорымыз таусылуға жақын. Қазір кофе жидектерінің қауызы мен сөндірілмеген әктасты қолданып жатырмыз.

Сондай-ақ...