Грузияда аспалы шыны көпір үстінде мейрамхана ашылды

Грузиядағы жаңадан ашылған 200 метр биіктіктегі аспалы көпірдің үстінде гауһар тас пішініндегі дәмхана орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның терезесінен ұлттық саябаққа көрініс ашылады. Бұл нысан әлемдегі ең биік аспалы мейрамхана ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Айта кеткен жөн, шыны көпірдің құрылысы 2019 жылы басталған. Оның құны – 40 миллион доллар. Жобаға израильдік компания инвестиция құйған.