Брюссельде Транскаспий халықаралық көлік бағытының даму болашағы талқыланды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы,  «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» қауымдастығы және Еурокомиссия мен Еуропарламент өкілдері «Орташа дәліз» жобасының маңыздылығын талқыға салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға 20 елден келген дипломаттар мен кәсіпкерлер де қатысып, Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын тілге тиек етті. Еуропалық институттар Қазақстанды саяси және экономикалық тұрғыда маңызды серіктес ретінде көреді. Бельгия мен Люксембургтегі елші Марғұлан Баймұханның пікірінше, арадағы көлік ынтымақтастығын арттыру арқылы Еуроодақпен байланыс нығая түседі. Кейінгі айда қарт құрлыққа жүк көлемі шамамен 1,5 есеге өсіпті.