Ресей Азия елдеріне мұнай экспортының көлемін арттырады

Ресей Азия елдеріне экпорттайтын мұнай көлемін арттыра бастады.

Шикізат Козьмино портынан саудаланбақ. 

«Шығыс Сібір — Тынық мұхиты» мұнай құбыры арқылы тәулігіне 70 мың баррель қара алтын шығарылмақ.  Тағы 80 мың баррель Мегет қаласынан теміржол арқылы жөнелтіледі.  Осылайша көрші ел Еуропа елдері салған санкциялардың шығынын өтеп алмақ. Естеріңізге салайық, өткен аптада Еуроодақ елдері Ресей мұнайына эмбарго енгізіп, жыл соңына дейін осы елден келетін мұнай  импортын 90 процентке қысқартатынын жариялады.