Falcon 9 соңғы екі күнде үш рет көкке көтерілді

Space X компаниясы тағы зымыран тасығышын ұшырды. Бұл Falcon 9 зымыранының соңғы 36 сағатта үшінші рет көкке көтерілуі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Space X зымырантасығышы орбитаға «Глобалстар» байланыс жерсерігін алып шықты. Ол 10 жыл бұрын ұшырылған ғарыш аппараттарына қосылуы тиіс. Жаңа жерсерік ұялы телефон мен төмен жылдамдықтағы мәліметтерді берумен айналысады.