Сингапурда инфляция өсті

Сингапурда инфляция деңгейі 5 процентке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кейінгі 10 жылда болмаған ең үлкен көрсеткіш. Салдарынан жергілікті валюта құнсызданып, негізгі тауарлар мен азық-түлік қымбаттады. Сарапшылар енді өнімді тасымалдау құны да өседі қауіптенеді.

Тан Конг Ям, профессор:

Сингапурға барлық азық-түлік сырттан әкелінеді. Мысалы, күріш Таиландтан, жеміс пен көкөніс Малайзия және Қытайдан тасымалданады.

Қымбатшылық қысқан Аргентина тұрғындары ереуілге шықты. Жергілікті тұрғындардың 22 проценті кедейшілікте өмір сүруге мәжбүр. Былтыр инфляция деңгейі 50 проценттен асып кеткен. Бұл – Латын Америкасы елдері бойынша ең үлкен көрсеткіштің бірі. Сарапшылардың биылға жасап отырған болжамы да көңіл көншітпейді.

Рубен Мендоса, жергілікті тұрғын:

Тегін асханаға келетін көпбалалы отбасылар жетерлік. Өйткені қазір көп адам аш құрсақ жүр. Жұмыссыздық жайлап барады.