Францияда парламенттік сайлаудың екінші туры өтіп жатыр

Халық ұлттық жиналыстың 577 депутатын сайлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң шығарушы органда басымдыққа ие болу үшін партия 289 орынды жеңіп алу керек. Францияда парламенттік сайлаудың бірінші туры бір апта бұрын өткен. Ол кезде президент Эммануэль Макронның альянсы сәл басымдықпен көш бастаған еді. Екінші орында Жан-Люк Меланшонның солшылдар одағы орналасты. Ал әсіре ұлтшыл Марин Ле Пеннің «Ұлттық майданы» үшінші орынды иеленді. Ақпарат құралдары азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі төмен екенін айтады.