Оңтүстік Кореяда жанар-жағармай салығы төмендейді

Бұл инфляциямен күрес шараларының бір бөлігі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешімге сай келесі айдан бастап 1 литр бензин үшін салық 57 вонға азаяды. Бұл шамамен 20 теңге. Оңтүстік Корея да әлемнің өзге елдері сияқты бағалардың шарықтауынан зардап шегіп отыр. Мамыр айында электр энергиясы мен газ және су тарифі 9,6 процентке өскен. Соңғы рет мұндай жағдай 2010 жылы болған екен.