Бокстан жаппай жаттығу: Мексика халқы Гиннес рекордын жаңартты

Мексикада бір уақытта мыңдаған адам бокстан жаппай жаттығу өткізіп, Гиннес рекордын жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға 14 мыңнан аса адам қатысты. Алғашында қызықты бастамаға қатысушылар қарасы үш ес көп болған. Бірақ алаң шағын болғандықтан, олардың санын азайтуға тура келген. Ал бағы жанғандар жергілікті танымал боксшылардың жетекшілігімен бір сағат бойы түрлі қимылдар мен соққылар жасап жаттықты. Ұйымдастырушылар бокс Мексика мәдениетінің бір бөлігі екенін көрсеткісі келгенін айтады. Бұған дейін мұндай рекорд Ресейде орнаған. Ол кезде бір уақытта 3 мыңдай адам жатыққан.