Оңтүстік Корея ғалымдары өртті алғашқы секундтарда сөндіретін технология ойлап тапты

Жүйе өрт ошағын тез арада анықтап, суды тікелей қызыл жалынға бағыттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қолданыстағы өрт сөндіру құрылғыларының кемшілігі, олар материалды бүкіл бөлмеге шашады. Жалған дабыл болған жағдайда мұндай жабдық қажетсіз жұмыс істейді. Ал жаңа жүйеде оқиғаның өртке қатысы бар жоғын жасанды интеллект анықтайды. Көбік пен суды 65 метрге дейін шашады.

Чон Чон Хун, Корея машина жасау және материалдар  институтының зерттеуші:

- Өртті анықтау жүйесі жасанды интеллекті пайдаланады және бұл оның артықшылығы. Барлық құрылғылардың ерекшелігі, олар жарылысқа төзімді және дірілге төтеп береді. Келесі жылы наурыз айында тестілеуді жалғастырамыз және өнімді жақсартамыз. 2030 жылға қарай сөндіргішіміз литий батареяларындағы өртті сөндіру үшін пайдаланылады.