Тайваньда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Тайваньның солтүстік-шығысында 5,9 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап.

Зілзала ошағы шығыс жағалаудағы Хуалянь уезінде орналасқан. Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат түскен жоқ.

Статистикаға сәйкес, Хуалянь уезінде жер асты дүмпулері аралдың басқа аймақтарына қарағанда жиі болады, 2018 жылдың ақпан айында 6,5 баллдық жойқын зілзала 16 адамның өмірін қиып, тағы 285 адам зардап шеккен болатын.