Германия канцлері Еуроодақ құрамына кіру тәртібін жеңілдетуді ұсынды

Ол үшін Брюссель шешім қабылдау механизмін жетілдіру керек дейді. Сонымен қатар одақ құрамына кіру үшін 20 жыл бұрын өтініш білдірген елдерге нақты ұсыныс білдіру керек дегенді алға тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салайық, өткен аптада Еурокомиссия Украина мен Молдоваға Еуроодақтың мүшесі болу үшін үміткер мәртебесін беру керек деген ұсыныс білдірді. Енді Брюсселде өтетін саммитте осы мәселелерге қатысты нақты шешім қабылдануы тиіс.