Брюссель әуежайында қауіпсіздік қызметінің жұмысшылары көтерілді.
Бәрі жалақының аздығына наразы. Шерушілер еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны өсіруді талап етті. Барлық жолаушылар рейсі кейінге шегерілген. Қаладағы көлік қозғалысында да қиындықтар болуы мүмкін дейді билік өкілдері. Қазір аталған әуежай келіп жатқан ұшақтарға ғана қызмет көрсетіп жатыр.
