Непалда студенттер шеруге шығып, полициямен қақтығысты

Жастар Мемлекеттік мұнай бірлестігінің жанармай мен дизель бағасын көтергеніне наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ұлттық компания бағаны 16 процентке дейін өсірген. Билік мұны әлемдік нарықта мұнайдың қымбаттауымен түсіндіріп отыр. Бірақ студенттер елде инфляция шарықтаған шақта жанармай бағасын өсіру халыққа қарсы жасалып отырған әрекет дейді.

Айта кетейік, 29 миллион тұрғыны бар Непалда инфляция 8 процентке өсіп, азық-түлік пен энергоресурстар құны шарықтаған.

Сондай-ақ...