Бангладештегі су тасқынынан миллиондаған адам баспанасыз қалды

Бангладеште өткен аптадағы толассыз жауыннан кейін тасыған су әлі қайтпай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Миллиондаған адам баспанасыз қалды. Силхет аймағынан 100 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Өңірде ауыз су мен азық-түлік жетіспей жатыр. Елдің орталық бөлігінде әлі су тасқыны қауіпі бар. Бангладеш жазық және ойпаңды жерде орналасқан. Осының кесірнен жаңбырлы маусым кезінде тасқын жиі болады.

Мехеди Хасан Парвез, тұрғын:

Мен мұндай су тасқынын бұрын-соңды көрмеппін. Кей жерлерде су екінші қабатқа дейін жетті. Осының кесірінен адамдардың көбі азық-түлігінен айырылып, аш отыр.