Израильде соңғы үш жылда V парламенттік сайлау өтуі мүмкін

Енді мәселе депутаттардың талқылауына ұсынылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өтпелі кезеңде Премьер-министр міндетін Яир Лапид атқармақшы.

Еске сала кетейік, Изарильде соңғы парламенттік сайлау нәтижесінде коалициялық үкімет орнаған. Нафтали Беннет болса 10 жылдан астам Премьер-министрі болған Беньямин Нетаньяхуды ауыстырған еді. Бірақ Нетаньяху алдағы сайлуда жеңіске жететінін айтып отыр.

Биньямин Нетаньяху, «Ликуд» партиясының жетекшісі:

– Бұл Израильдің миллиондаған тұрғыны үшін керемет жаңалық. Елмізде кез келген азамат қазіргі үкіметтің ең сәтсіз билік болғанын жақсы түсінеді. Ал мен барлық күштерді біріктіріп, ұлттық үкімет құруға ниеттімін.