Қытайдың оңтүстігін су тасқыны жайлады

Қытайдың оңтүстігін су тасқыны жайлады

Қытайдың оңтүстік аймақтарында жаңбыр тағы селдетіп, су тасқыны жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гуанси аймағында 3 мыңға жуық үй қирап, тағы 10 мың ғимарат бүлінген. Апат аудандарынан 145 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Ал Цзянси провинциясында 500 мың тұрғын жапа шегіп, 400 мыңнан аса гектар егістік алқап жарамсыз болып қалды. Чжэцзянда өзеннің тасуынан ойпаңда орналасқан мекендер су астында қалған. Гуандун провинциясында да осыған ұқсас жағдай. Қазір табиғат апаты салдарымен күрес жүріп жатыр. Бірақ Қытай Су ресурстары министрлігі келесі аптада оңтүстік провинцияларда тағы жаңбыр жауатынын ескертіп отыр.