Ядролық бағдарлама: Иран АҚШ-ты келіссөздерді жалғастыруға шақырды

Иран АҚШ-ты ядролық келісімшартқа байланысты Венадағы келіссөздерді жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тегеран дипломатиялық бағытты жалғастыра беретінін жеткізді.

Айта кетейік, Ислам республикасы бұл келісімшартқа 2015 жылы қол қойған. Құжатқа сай Тегеран АҚШ бастаған батыс елдері санкцияларын алу үшін ядролық бағдарламадан бас тартуға келіскен. Бірақ Құрама Штаттарда Дональд Трамп билікке келген соң келісімнен шығып, Иранға қайта шектеулер енгізген еді.