Грузияда 50 мыңнан аса адам митингке шықты

Шара 5 ірі қалада өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық Грузия, Украина жән Молдова туларын ұстап, елді одаққа қабылдауға шақырды. Осы аптада Еуропалық одақ басшыларының саммиті өтеді. Кездесуде үш мемлекетке ұйымға кіруге үміткер ел мәртебесін беру шешілуі тиіс. Бірнеше күн бұрын Еурокомиссия Грузияға бірнеше талапты орындауы тиіс деген шешім шығарған еді. Бірақ шараға қатысушылар жағдай өзгеріп қалар ма деген үмітте. 

БЛИЦ:

- Бүгін барлық Грузия Украинаны қолдап, Ресей мен оның олигархиялық режиміне наразылығын білдіру үшін жиналды. Біз келешегімізді Еуроодақпен байланыстырғымыз келеді. Біздің барлығымыз Еуропаны қолдайымз.

- Біз балаларымыздың болашағы Еуропамен байланысты болса дейміз. Аумақ бойынша да, мәртебе бойынша да Еуропада болғанды қалаймыз.