476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Британияда теміржолшылар ереуіл жариялады

  • 164
  • UPD: 17:09, 21.06.2022
Британияда теміржолшылар ереуіл жариялады

Бұл Тұманды Альбионда соңғы 30 жылда өткізіліп отырған ең ірі ереуіл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық шарасы бүгін, бейсенбі және сенбі күні өтпек. Бүгінгі акцияға 40 мыңнан аса адам қатысып, көп бағыт бойынша пойыз бен метро жұмысы тоқтаған. Жұмысшылар ұлттық компаниядан жалақыны өсіріп, жұмысшыларды қысқартпауды талап етіп отыр. Екіжақты келіссөз еш нәтижеге әкелмеген. Үкімет мәселе жұмыс берушілер шешуі керек деп дауға араласудан бас тартып отыр.

Хабар 24 телеарнасы