Нобель медалі аукционда 103,5 млн долларға сатылды

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты ресейлік Дмитрий Муратов өзінің алтын медалін АҚШ-та аукционда сатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құнды сыйлық рекордтық 103 жарым миллион долларға сатылды. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бәссаудадан түскен қаржының барлығы Украинадағы босқын балалар мен олардың жанұяларына көмектесу үшін БҰҰ Балалар қорына аударылады. «Жаңа газета» басылымының бас редакторы - Бейтшілік бойынша Нобель сыйлығын алған алғашқы Ресей азаматы. Оған беделді сыйлық филиппиндік журналист Мария Рессомен бірге берілген.

Джошуа Бенеш, аукцион үйінің өкілі:

- Бұл елеулі оқиға және Нобель медалінің бәссаудада рекордтық соммада сатылуы. Сонымен қатар БҰҰ Балалар қоры тарихындағы ең қомақты қайырымыдылық деп ойлаймын. Ол қазір әлемдегі ең күрделі босқындар дағдарысын шешуге септігін тигізетініне сенімдімін.