Италияда төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Италияда құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің солтүстігі мен орталығында жағдай нашар. Аптаптан ең ірі По өзені тартылып жатыр. Су мөлшері кейінгі 70 жылда болмаған деңгейге түскен. Содан егістік алқаптарға су жетпей қалды. Халықты электр қуатымен қамту жағында да қиындық бар. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Мамандардың айтуынша, аймақтағы аптап біраз уақытқа жалғасады.

 

Сондай-ақ...