Майамиде жолаушылар ұшағы өртенді

Майами халықаралық әуежейында жолаушылар ұшағы өртенді.

Әуе көлігінің бортында 126 адам болған. Оқиғадан 3 адам жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Санто-Домингодан шыққан Red Air ұшағы жерге қонған кезде өртене бастады. Жолаушылардың барлығы дер кезінде терминалға эвакуацияланды. Өрт уақытылы ауыздықталды. Әзірге апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз.