Ресей алтыны санкцияға ұшырауы мүмкін

Еуроодақ елдері ресейлік алтынға санкция салуы мүмкін. 

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Басылымның мәліметіне сәйкес, 23-24 маусым күндері өтетін саммиттен кейін Еуроодақ елдерінің басшылары Ресейге қарсы шектеулердің кезекті пакетін енгізуді талқылайды. Бұған дейін Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары санкциялардың жетінші пакеті әзірленіп жатқанын айтқан еді. Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакеті 3 маусым күні бекітілген болатын.