Бразилияда президент саясатына наразы жұрт ереуілге шықты

Бразилияда президент саясатына наразы жұрт ереуілге шықты

Сан-Паулу мен Рио-де-Жанейро көшелеріне шыққан жұрт тұрмыс жағдайының нашарлағанына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар жергілікті биліктен пандемия кезінде енгізілгендей жалдамалы пәтерден шығарып тастауға рұқсат бермейтін мораторий жариялауды талап етеді. Қазір пәтерақыны төлей алмай отырған 130 мыңнан астам адам баспанасыз қалуы мүмкін. Пандемия кезінде де елде жұмыссыздық жайлағандықтан, көшеде қаңғып жүретіндердің қатары күрт артып кеткен болатын. Енді халық инфляцияның шарықтауы мен қымбатшылықтың жайлауына ел президенті Жаир Болсонарудың саясатын кінәлап отыр.