Гонконгте 20 мың тұрғын үй жарықсыз қалды  

Гонконгте аптап ыстықтан шыққан өрт 20 мың тұрғын үйді жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шамамен 160 мың адам бірнеше күн бойы сусыз, жарықсыз отыр. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Апаттың шығу себебін анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, кабельдер ыстыққа шыдас бермей, от тұтанған. Қазір жергілікті ауруханалар мен теміржолдарда электр қуаты қалыпқа келтірілді.