Миннесота штатында дауылдан бір адам көз жұмды

АҚШ-тың Миннесота штатында аптап ыстық жаңбырлы дауылға ұласып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше тұрғын жарақат алды. Сағатына 120 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел талдарды түп тамырымен жұлып, электр бағаналарын құлатып, штаттың көп бөлігінде жарық сөніп қалды. Қазір аймақта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.