Нью-Йоркте шулы мотоциклдер жойылды

Нью-Йоркте полиция 100-ден астам мотоцикл мен квадроциклді жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бұл көлік құралдары дауысы қатты шығуы үшін заңсыз өзгертіліп жетілдірілген. Жергілікті заң бойынша мұндай әрекетке тыйым салынған. Полицияның мәлімдеуінше, биыл осындай 2 мыңнан аса мотоцикл мен квадроцикл тәркіленген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 88 процентке артық.

Айта кетейік, Нью-Йоркте мотоцикл мен көліктің шуын басқыш құрылғысын өзгертуге тыйым салынған. Бұл қала тұрғындарын қатты шудан қорғап, ауаның ластануын болдырмау үшін қолға алынған шара.

Сондай-ақ...