Ауғанстанда зілзаладан бір мыңнан астам адам опат болды

Ауғанстанда жер сілкінді. Соңғы мәлімет бойынша 1 мыңнан астам адам опат болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауған билігі зілзала кезінде жарақат алғандарды тікұшақпен тасымалдауға мәжбүр. Өйткені жер шалғай әрі көлік жүре алмайды. Ал көз жұмғандар қатары әлі де өсуі мүмкін. Жойқын жер сілкінісі елдің шығысында Пәкістанмен шекаралас аумақта болған. Мамандар магнитуданы 6,1 деп бағалады. Зілзала 51 шақырым тереңдіктен шыққан.

Сондай-ақ...