АҚШ-та орман өрті тұтанды

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласына жақын маңдағы орман өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау аз уақыттың ішінде 8 гектар аумақты жалмаған. Өрт сөндірушілерге авиация көмекке келді. Бірнеше үйдің тұрғындары қауіпсіз жаққа шұғыл көшірілді.