Израильде өртенген орманды қалпына келтіру бағдарламасы жасалды

Израильдік мамандар өртенген орманды қалпына келтірудің өзіндік бағдарламасын жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаз шықса, далада өрт көбейеді. Әсіресе орман-тоғайға қауіп көп. Көпжылдық еңбек бір-ақ сәтте зая кетуі әбден мүмкін. Иерусалим шетіндегі орман Яр-А кдушим немесе «Азап шегушілер орманы» деп аталады. Бұл жай ғана алқап емес, мұнда әр тал Холокос кезінде құрбан болған 6 миллион еврейге арналып отырғызылған. Әлемдегі жалғыз тірі ескерткіш былтыр өртке оранып, жапа шекті. Тергеу кезінде от орманға қасақана қойылғаны анықталды. 

Игаль Ясинов, Еврей ұлттық қоры еуразиялық департаментінің басшысы:

– Соңғы рет мұндай оқиға өткен аптада тіркелді. Былтыр осындай қаскөйлік әрекеттен ондаған гектар алқап күлге айналды. Бұл жай орман емес. Мұнда әр ағаш Холокоста көз жұмған еврейлерге арналған. Орман өздігінен жанбайды. Оған бірнеше жерден арнайы өрт қойған.

Қаскөйлер орманға отты оңтайлы кезде, яғни, күн ыстық әрі құрғақ болып келетін тамыз айында қойған. Желден жалын тез тарап, жақын маңдағы ауылдарға қауіп төндіріп, мамандар әзер сөндіреді. Осыдан кейін Еврей ұлттық қоры ормандарды қалпына келтірудің бағдарламасын дайындайды.

Мор Ашкенази, Еврей ұлттық қорының орман өрттерімен күрес бөлімі басшысы:

– Бағдарлама үш бөліктен тұрады. Бірінші – толық жанып кеткен және жолдар мен үйлерге қауіп төндіретін ағашатарды тазаланады. Екінші өрттен қорғау үшін ені 20 метрлік соқпақтар қазылады. Соңында әрбір тал тексеріліп оны кесіп тастау керектігі шешіледі. Бұл өте қиын жұмыс.

Әдетте жалын шарпыыған орманның үштен бір бөлігі тірі қалып, қайта қалпына келіп жатады. Мысалы, қылқан жапырақты талдардың бүршігі жерге түсіп өніп шығады.

Айта кететін жайт, шөл далада орналасқан Израиль орманды алқаптардың өсімі бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді.

Авторы: Сергей Ауслендер