Филиппинде алапат дауыл соқты

Филиппин астанасы Манила дүлей дауыл соқты. Қатты желден ағаштар құлап, жолдар жабылды.

Кей елді мекенде электр сымдары үзіліп, үйлердің шатыры ұшып кеткен. Әзірге зардап шеккен азаматтар жайлы ақпар жоқ.

Айта кету керек, қазір Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде жаңбырлы маусым. Бұл кезең қазанға дейін жалғасады. Осы уақытта аймақта екпінді жел мен су тасқыны болып тұрады.

Сондай-ақ...