АҚШ-та тікұшақ апатынан алты адам мерт болды

АҚШ-та тікұшақ апатынан алты адам мерт болды

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бортта отырған 6 адамның барлығы мерт болған. Марқұмдардың кім екені әзірге белгісіз. Әуе көлігі Келли тауының маңында құлапты. Салдарынан  маңайдағы тас жолдар  уақытша жабылды.  Қазір апатқа нақты не себеп болғаны анықталып жатыр.