Аргентинада көпқабатты үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 5 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 30 тұрғын жарақат алды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Жалын ғимараттың жетінші қабатынан тараған. Қазір қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.