8 миллион балаға аштықтан ажал қаупі төніп тұр

БҰҰ-ның есебінше, кедей елдерде тұратын 8 миллион балаға аштықтан ажал қаупі төніп тұр.

Жыл басынан бері 15 мемлекетте азық-түлік тапшылығы мен денсаулығы сыр берген 260 мың адам зардап шекті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының атқарушы директоры Кэтрин Расселдің мәлімдеуінше, қуаңшылықтан азық-түлік тапшылығы дағдарысын шешу үшін 1 миллиард доллар керек.  Украинадағы жағдай мен байланысты азық-түлік бағасының аспандауы жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді.