Норвегияда түнгі клубта атыс болды

Норвегия астанасы Ослода атыс болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

14 адам жарақат алды. Оқыс оқиға қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған. Мәліметтерге қарағанда оқ атқан ер адам анықталды. Қазір ол қамауда. Оның не себепті адамдарға оқ атқаны белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.