Нигерияда жанармай тапшы

Жанармай құю бекеттерінде ұзан-сонар кезек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлік жүргізушілері кезегін сағаттап күтуге мәжбүр. Мұндай жағдай Украинадағы қарулы қақтығыспен байланысты болып отыр. Себебі соның кесірінен импорттық жанармай бағасы екі есе қымбаттап кеткен. Ал тасымалдау шығыны 80 процентке артқан. Жанармайдың жоқтығы күнделікті тұтыну тауарларының құнына да әсер етіп жатыр. Азық-түлік бағасының айтарлықтай өскені байқалады.