ДДСҰ: Маймыл безгегі аса қауіпті емес

Маймыл безгегінің таралуы «халықаралық деңгейде төтенше жағдай тудырмайды». Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда босаңсуға болмайды. Вирустың таралуын тежеу үшін алдын алу және жаппай үйлестіру ісі үнемі назарда болуға тиіс. Эпидемиологиялық қадағау, науқастарды емдеу, індетті жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылау мен оқшаулау жұмысы да жүйелі жүргізілуі керек. Мамыр айынан бері маймыл безгегі 50-ден астам елде 3 мың адамнан анықталған.

Сондай-ақ...