АҚШ-та әйелдердің түсік жасату құқығын алып тастауға қарсы наразалық әлі жалғасуда

Ереуілдер қатарынан бірнеше ірі қалада өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лос-Анджелесте шерушілер полициямен қақтығысты. Бұл бейнежазбаны әлеуметтік желі қолданушылары таратқан. Тәртіп сақшылары қарап тұрмай, көзден жас ағызатын газ қолданған және бірқатар белсендіні қамауға алған.

Айта кетейік, Жоғарғы сот 1973 жылы қабылданған түсік жасатуға конституциялық құқық беретін заңның күшін жойған болатын. Осыдан кейін бүкіл ел бойынша мыңдаған америкалық наразылық шарасына шықты.