Украина қысқа мерзімде НАТО-ға өтуге ниетті емес – Украина Президенті кеңсесі басшысының орынбасары

Украина қысқа мерзімде НАТО-ға өтуге ниетті емес – Украина Президенті кеңсесі басшысының орынбасары

Украина Президенті кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жовква альянстың кейбір елдерінің ұстанымдарына байланысты НАТО-ға кіру жөніндегі күш-жігердің пайдасы жоқ екенін жақсы түсінетіндерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол себепті Украина осы мақсатқа бағытталған қадамдарға баруды жоспарламайды, - деп Financial Times Жовкваға сілтеме жасап, хабарлайды.

Шенеунік қысқа мерзімде Украинаның НАТО-ға қосылуы мүмкін емес екенін айтты.

Сондай-ақ Украина Ресей туралы кез-келген ескертулерді, мысалы серіктес ретінде деген сөздерді альянстың стратегиялық тұжырымдамасынан алынғанын қалайды.