Түрік лирасы қымбаттады

Түрік лирасы 5% қымбаттады. Бұған Түркия Банк қызметін реттеу және қадағалау агенттігі (BDDK) активтерінің бір бөлігін әлі күнге дейін шетел валютасында ұстайтын компанияларға шектеу қоюы себеп.

Елдегі корпоративтік қарыз алушылардың валюталық активтері белгіленген шектеулерден асып кетсе несие берілмейді. Мәселен, компанияның 15 миллион лира эквивалентінен асатын валюталық активтері болса және олар жалпы активтердің немесе жылдық сатылымның 10 процентінен асса, лирамен несие ала алмайды. Шешім бірнеше сағатта валюта нарығына әсер етіп, АҚШ доллары, еуро мен алтынның бағамы күрт төмендеді. Елдің қаржы министрлігі шілдеде шетелдіктерге отандық инвесторлармен бірдей мөлшерде лира өтімділігін ұсынбақ. Дегенмен, өзге ел азаматтарына лираны жабусыз сатуға тыйым салынады. Түркия экспорттаушыларына, төмен пайызды және ұзақ мерзімді несие берілмек. Ол үшін кәсіп иелері шетел валютасын сатып алмауы тиіс.